Басқару сервері дерекқорында маңызды саясат оқиғаларын сақтау

Басқару сервері дерекқорының толып кетуіне жол бермеу үшін дерекқорға тек маңызды оқиғаларды сақтау ұсынылады.

Басқару сервері дерекқорында маңызды оқиғаларды тіркеуді конфигурациялау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Саясат және профильдер бөліміне өтіңіз.
  2. Kaspersky Endpoint Security for Windows саясатын басыңыз.

    Таңдалған саясаттың сипаттар терезесі ашылады.

  3. Саясат сипаттары терезесінде Оқиғаны конфигурациялау қойыншасына өтіңіз.
  4. Критикалық бөлімінде Оқиғаны қосу түймесін басып, келесі оқиғаның жанында жалауша қойыңыз:
    • Лицензиялық келісім бұзылған.
    • Бағдарламаны автоматты түрде іске қосу өшірулі.
    • Белсендіру қатесі.
    • Белсенді қауіп анықталды. Зарарсыздандыру процедурасын іске қосу керек.
    • Зарарсыздандыру мүмкін емес.
    • Бұрын ашылған қауіпті сілтеме табылды.
    • Процесс аяқталды.
    • Желілік белсенділікке тыйым салынған.
    • Желілік шабуыл анықталды.
    • Бағдарламаны іске қосуға тыйым салынған.
    • Қатынасуға тыйым салынған (жергілікті параметрлер негізінде).
    • Қатынасуға тыйым салынған (KSN).
    • Жаңартудың жергілікті қатесі.
    • Бір уақытта екі тапсырманы орындау мүмкін емес.
    • Kaspersky Security Center-мен өзара әрекеттесу қатесі.
    • Кейбір құрамдастар жаңартылмаған.
    • Файлдарды шифрлау / шифрсыздау ережелерін қолдану қатесі.
    • Ықшам режимді белсендіру қатесі.
    • Ықшам режимді өшіру қатесі.
    • Шифрлау модулін жүктеу мүмкін болмады.
    • Саясатты қолдану мүмкін емес.
    • Бағдарлама құрамдастарын өзгерту кезіндегі қате.
  5. OK түймесін басыңыз.
  6. Функционалдық ақау бөлімінде Оқиғаны қосу түймесін басып, келесі оқиғаның жанында ғана жалаушаны қойыңыз: Тапсырма параметрлері дұрыс емес. Тапсырманың параметрлері қолданылмаған.
  7. OK түймесін басыңыз.
  8. Ескерту бөлімінде Оқиғаны қосу түймесін басып, келесі оқиғаның жанында жалауша қойыңыз:
    • Бағдарламаның өзіндік қорғанысы өшірулі.
    • Қорғаныс құрамдастары өшірулі.
    • Резервттегі лицензиялық кілт жарамсыз.
    • Қаскүнемдер компьютерге немесе жеке деректерге зиян келтіру үшін пайдалануы мүмкін заңды БҚ табылды (жергілікті параметрлер негізінде).
    • Қаскүнемдер компьютерге немесе жеке деректерге зиян келтіру үшін пайдалануы мүмкін заңды БҚ табылды (KSN).
    • Нысан жойылды.
    • Нысан зарарсыздандырылды.
    • Пайдаланушы шифрлау саясатынан бас тартты.
    • Файлды әкімші Kaspersky Anti Targeted Attack Platform серверіндегі карантиннен қалпына келтірді.
    • Әкімші файлды Kaspersky Anti Targeted Attack Platform серверінде карантинге қойды.
    • Әкімшіге бағдарламаны іске қосуға тыйым салу туралы хабар жіберу.
    • Әкімшіге құрылғыға қатынасу тыйым салу туралы хабар жіберу.
    • Әкімшіге веб-бетке қатынасу тыйым салу туралы хабар жіберу.
  9. OK түймесін басыңыз.
  10. Ақпараттық бөлімінде Оқиғаны қосу түймесін басып, келесі оқиғаның жанында жалауша қойыңыз:
    • Нысанның сақтық көшірмесі жасалды
    • Бағдарламаны сынақ режимінде іске қосуға тыйым салынады
  11. OK түймесін басыңыз.

Басқару сервері дерекқорында маңызды оқиғаларды тіркеу конфигурацияланған.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу